Тайсон Фьюри кәсіби бокстағы карьерасын аяқтағанын жариялады
Суперауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри кәсіби бокстағы карьерасын аяқтағанын жариялады.
Қызығы, британдық боксшы үшінші рет қолғаптарын ілгенін айтты. Бұған дейін Фьюри 2016 жылы Владимир Кличконы жеңгеннен кейін бокстан кететінін мәлімдеген еді.
2022 жылы ол отандасы Диллиан Уайтты жеңгеннен кейін екінші рет кәсіби мансабын тоқтататынын айтқан. Сол кезде ол Деонтей Уайлдермен өткен үш жекпе-жектен кейін суперауыр салмақта өзіне лайықты қарсылас қалмағанын мәлімдеген.
Еске сала кетейік, Тайсон Фьюри соңғы екі жекпе-жегін украиналық Александр Усикке қарсы өткізіп, екеуінде де ұпай саны бойынша жеңіліс тапты. Алғашында 2024 жылдың мамыр айында, кейін желтоқсанда қазылар шешімімен ұтылған.