Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тайланд және Малайзия ауыр атлетика құрамасы Олимпиада ойындарынан шеттетілді
10:57 / 2020-04-05

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының санкциялар жөніндегі комитеті қатаң шешім қабылдады


Халықаралық ауыр атлетика федерациясының санкциялар жөніндегі комитеті Тайланд пен Малайзия ауыр атлетика федерацияларын допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2021 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттеткен.

Тайланд ауыр атлетика федерациясының мәртебесі 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін тоқтатылды. Осы уақыт аралығында өтетін жарыстардың бірде-біріне қатыстырылмайтын болып, сонымен қатар 200 мың доллар айыппұл салынған.

Малайзия ауыр атлетика федерациясының міртебесі 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін тоқтатылып, Токио Олимпиадасына қатысу құқығынан айырылған.

32-ші  жазғы спорт ойындарының "Токио-2020" Олимпиадасы 2021 жыл 23 шілдеде басталады.