Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Тайфун: Жапонияда су тасқынына байланысты 300 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланады
10:16 / 2021-08-09

Жапонияның батысындағы Хиросима, Симане және орталық Айти префектураларындағы 291 мың жапондық азамат «Лупит» дауылына байланысты эвакуацияланатын болды.

NHK телеарнасының хабарлауынша, Жапония билігі елдің оңтүстік -батыс аймақтарының тұрғындары үшін бұрын берілген осындай нұсқаудың күшін жойған.

«Лупит» дауылы - биыл Тынық мұхитында пайда болған тоғызыншы дауыл. Қазіргі кезде ол Жапонияның батыс аймақтарынан, солтүстік -шығысқа қарай бет алған. ондағы желдің жылдамдығы секундына 23-35 метрі құрауда.

Жапон авиакомпаниялары су тасқынына байланысты 63 рейсті тоқтатты.