Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Таяқпен секіру бойынша әлем рекорды жаңарды
11:26 / 2020-09-18

26 жыл бойы ешкім жаңарта алмаған бұл асуды Римдегі «Бриллиант лигасында» 20 жастағы Арман Дюплантис 1 см биікке секіріп бағындырды


Швециялық жеңіл атлетшісі Арман Дюплантис таяқпен секіру бойынша 1994 жылда украиналық Сергей Бубканың 6 метр 14 см болған әлемдік рекордты жаңартты.

26 жыл бойы ешкім жаңарта алмаған бұл асуды Римдегі «Бриллиант лигасында» 20 жастағы Арман Дюплантис 1 см биікке секіріп бағындырды. Енді жаңа әлемдік рекорд - 6 метр 15 сантиметр.


Осы тарихи нәтижені көрген бұрынғы рекордшы Сергей Бубка өзінің «Твиттер» парақшасында спортшыны құттықтап: «Менің рекордымды жаңартқанымен құттықтаймын. Керемет нәтиже. Оның ата-анасын да құттықтаймын. Олар керемет адамдар. Көптеген жылдар өтіп қайта жарық жұлдыз пайда болғаны үшін жеңіл атлетика мен спорттан ризамын. Ең жақсы тілектерімді жолдаймын және жоғары мақсаттарға жетуге сәттілік! », - деп жазба қалдырған.