Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Таулы Қарабақтағы қақтығыс аяқталып, Ереванда тәртіпсіздіктер басталды
10:51 / 2020-11-10

Армения премьер-министрі Никол Пашинян өзінің Facebook-тегі ресми парағында Таулы Қарабақтағы әскери әрекеттің тоқтағаны туралы мәлімдеге қол қойғанын жариялады. Осы мәлімдемеден кейін Ереванда тәртіпсіздіктер басталып, наразылыққа шыққандар үкімет үйіне басып кірген.

Қол қойылған мәлімдемеге сәйкес, бүгін 10 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 00:00-де Таулы Қарабахтағы қарсыласу нүктесінде атыс және барлық әскери операциялар тоқтатылды.

Әзірбайжан мен Армения қазіргі иелеп тұрған қалпында қалады. Ресейлік бітімгершілер Таулы Қарабақтағы қарсыласу нүктесінде және аймақты Армениямен байланыстыратын дәлізде орналасады.

Ішкі қоныс аударушылар мен босқындар Таулы Қарабақ аумағына және оған іргелес аудандарға БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бақылауымен қайтарылатын болады.

Тараптар әскери тұтқындар мен басқа да тұтқындалғандар және қаза тапқандардың мәйіттерін алмасады.

Аймақтағы барлық экономикалық және көлік байланыстары ашылады. Көліктік бақылау Ресей шекара қызметімен бірлесіп жүзеге асырылады.

Армения премьер-министрінің Қарабақ соғысын тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін Ереванда наразылықтар басталды. Бірнеше жүздеген адамдар елдің Үкімет үйіне шабуыл жасап басып кірген. Олардың бұл әрекеті премьер-министрінің Қарабақ соғысын тоқтату туралы шешімімен келіспейтінін айтып дау көтерген.

Пашинян өзінің тікелей эфирде жасаған мәлімдемесінде Қарабақтағы жағдайға байланысты қол қоюдан басқа амалы жоқ екенін айтқан болса да, Армения бұл соғыста жеңілмегенін де, қоса келтірген.