Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ТАТУ - 2019 жылдың үздік нәтижелі білім ордасы боп марапатталды
15:41 / 2019-12-06

«Scopus Award-2019» марапаты


Ғылыми салаға негізделген Elsevier (Нидерланды) компаниясымен бірге әлемдегі ең ірі ғылыми-аналитикалық мәліметтер базасы болып табылатын «Scopus-тың» статистикасына сай тиімді жұмыс жасап жатқан жоғары оқу орындары мен өзбекстандық жетекші ғалымдарының есімдері жарияланды.

Анықталған нәтижеге байланысты Өзбекстандағы әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті(ТАТУ) «жылдың үздік нәтижелі жоғары оқу ордасы» («Growth of the Year») ретінде танылып «Scopus Award-та» марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімі бүгін 6 желтоқсанда Ташкентте өтіп, онда QS, Times Higher Education сынды әлемнің жетекші рейтингті агенттіктері өкілдерімен Elsevier компанияс мамандары және бірқатар белгілі ЖОО-ның ректорлары қатысып, 28 номинация бойынша 37 ғалым мен зеріттеушілер, алты ЖОО-ны және бір ғылыми журнал марапатталды.