Ташкенттің «Хумо» хоккей клубы 2020\21 маусым ойындарына қатыспайтынын хабарлады
Клуб басшылығы ЖХЛ және ҚРА чемпионаттарының 2020-2021 жыл маусымына қатыспауға шешім қабылдады
2018 жыл соңында құрылған Өзбекстандағы алғашқы Ташкенттің «Хумо» хоккей клубы жаңа 2020\21 маусымда қатыспайтынын хабарлады.
Хоккей комнадасы ресми сайтындағы ақпаратқа сай, клуб енді ғана ашылуына қарамай қысқа уақыт мерзімінде өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгенін айта келе, қазіргі уақыттағы әлемдік пандемияның тарауына байланысты және жаңа маусым алдындағы дайындықтық пен ЖХЛ чемпионатының басталу уақыты туралы нақты ақпараттың болмауы, сондай-ақ оның қалай өтетіні белгісіз болғандығын ескере келе, клуб басшылығы ЖХЛ және ҚРА чемпионаттарының 2020-2021 жыл маусымына қатыспауға шешім қабылдады.
Әрқайсыңыздың хоккейге және әрине «Хумо» клубына деген сүйіспеншілікті сезіне отырып, біз сізді мүмкіндігінше тезірек ғажайып хоккей әлеміне қайта оралуға бар күшімізді саламыз, делінген хабарламада.