Ташкенттен Ыстықкөлге маусымдық автобус қатынай бастайды
Ташкент қаласынан Қырғызстанның Ыстықкөл аймағына маусымдық автобус қатынауы басталады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың 10 маусымынан бастап Ташкент қаласынан Қырғызстанның Шолпаната (Ысықкөл) курорттық қаласына маусымдық автобус қатынауы басталады.
Автобус қатынауы айдың жұп күндерінде «Yutong» автобустарымен орындалады. Автобус Ташкент автовокзалынан сағат 15:00-де шығады. Билет құны 300 мың сум.
Айта кетейік, «Ташкент- Шолпаната» халықаралық автобус бағыты бойынша жол жүру уақыты 20 сағат, маршруттың ұзындығы 1060 шақырымды құрайды.