Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкенттен әуе және теміржол қатынасы қайта жолға қойылатын болды
11:43 / 2020-05-15

Уақытша қатынаулар аясында белгіленген тәртіпті пен эпидемияға қарсы күрес ережелерін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады


Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 18 мамырдан бастап Ташкенттен облыстарға ішкі әуе рейстері мен теміржол бағыттары қайта жолға қойылады.

Осы жағдайға орай 1 маусымға дейін карантиндік талаптар сақталуымен әуе және теміржол бағытындағы ішкі сапарларыды уақытша жолға қою талаптары енгізілді. Онда осы транспорттық қатынаулар аясында карантиндік ережелерді, соның ішінде жолаушылар санын азайтуды, дезинфекцияны және басқа да санитарлық талаптарды сақтай тұрып 18 мамырдан мына бағыттарда транспорт қантауына рұқсат етілген:
  • Ташкенттен Нүкіс, Үргенш, Термізге қалаларына әуе рейстерін қалпына келтіру (бару және қайту);
  • «Afrosiyob» жүрдек пойызының Ташкенттен Науаиы, Бұхара, Қаршы қалаларына Ферғана алқабына теміржол қызметін жолға қою (бару және қайту).
Жоғарыдағы Уақытша қатынаулар аясында белгіленген тәртіпті пен эпидемияға қарсы күрес ережелерін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.