Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкенттен Ресей қалаларына автобус қатынауы қайта жанданады
17:50 / 2022-07-16

2022 жылдың 18 шілдесінен бастап Ресейдің Мәскеу, Қазан және Санкт-Петербург қалаларына тұрақты автобус қатынауы қалпына келтіріледі.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, бұл бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдауын Uzautotrans service компаниясының «Yutong» автобустары жүзеге асырады.

18 шілдеден бастап аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері Ташкент-Мәскеу бағыты Ташкент автовокзалынан сағат 12:00-де жолға шығады. Бұл бағыттағы билет құны 1 000 000 сум.

Ташкент-Қазан бағыты бойынша автобус аптаның сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Ташкент автовокзалынан автобустар сағат 11:00-де шығады. Билет құны – 800 000 сум.

Ташкент-Санкт-Петербург бағыты бойынша сапар аптаның сәрсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады. Ташкент автовокзалынан автобустар сағат 16:00-де бағыт бойынша жүре бастайды. Билет құны – 1 250 000 сум боп белгіленген.