Ташкенттен Новосібірге автобус қатынауы қайта жолға қойылады
2022 жыл 1 тамыздан бастап, Ташкент қаласынан Ресей Федерациясының Новосібір қаласына тұрақты автобус қатынауы қайта жолға қойылады.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, бұл бағыттағы қатынауды Yutong автобустары жүзеге асыратын болып, бағыты бойынша рейстер аптаның әр дүйсенбісінде орындалады.
Осы бағыттағы автобустар «Ташкент» автовокзалынан сағат 14:00-де жүре бастайды. Билет құны 803 000 сум болып белгіленген.
Новосібір - Ташкент бағыты бойынша қатынаулар аптаның әр жұмасында орындалады. Ташкентке қарай автобус жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де жолға шығады.