Ташкенттен Мюнхенге тұрақты әуе рейстері ашылды
Uzbekistan Airways Германияның Мюнхен қаласына тұрақты рейстерді ашты.
Әуе компания дерегінше 29 қазаннан бастап Ташкент-Мюнхен-Ташкент бағыты бойынша тікелей рейстерді жолға қойылды.
Бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері орындалады.
«Ресми ашылу салтанаты аясында Өзбекстанның бас консулы Олимжон Абдуллаев пен Мюнхен әуежайының вице-президенті Ульрих Тейс арасында келіссөздер өтті. Әуе компаниясының жолаушыларына қызмет көрсету сапасын арттыру және тиісті жағдай жасау туралы келісімге қол жеткізілді», делінген хабарламада.
1993 жылдан бастап Ташкенттен Франкфурт-Майн бағыты бойынша рейстер тұрақты түрде дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады.