Ташкенттегі кептелісті болдырмау мақсатында жол сызбалары сынақтан өткізілуде
Халықаралық тәжірибеде сынақтан өткен екі түрдегі схемалы жол сызбасы
Ташкенттегі жол көлік кептелісін азайту мақсатында ІІББ халықаралық тәжірибеде сынақтан өткен екі түрдегі схемалы жол сызбасын сынақтан өткізу мақсатында қала көшелері қиылысына сызған.
Олардың бірі ұсақ клеткалы (вафли сызығы) болып, бұл сызба көмегімен көлік қатнауы кезінде кептеліс бола қалған жағдайда жүргізуші қол жетімді аймақты белгілеп тоқтауға мәжбүр болады. Бұл сызба қағидасына сай кейбір кездері қатнаудың оң және сол жағынада рұқсат етілген.

Ал екінші сызба көше қиылысын белгілейтін екі сары түсті сызықты қиылыстан тұрады. Мұндағы негізгі қағида қатнау кезінде алдағы көліктер арасында кептеліс пайда болған жағдайда арттағы көлік сары сызықты сызбаға кірмейді және артындағы көліктерді де тоқтауға итермелейді.

Бұл схемалы жол сызбасы қазірде Ташкенттің бірнеше негізгі көше қиылыстары мен жиі кептеліс болатын көшелерге сынақ ретінде сызылған. Егер бұл сызба оң нәтиже берер болса ресми баяндамаға енетін болады.