Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығының жаңадан құрылып жатқан ғимаратында өрт шықты
Оқиға орнына 10 негізгі өрт сөндіргіш автоэкипажы мен 6 арнайы және көмекші өрт сөндіру техникасы жұмылдырған.
2019 жыл 5 желтоқсан күні сағат 16:38-де Ташкент қаласы, Алмазар ауданы, Заркайнар көшесінде орналасқан Ислам өркениеті орталығының жаңадан салынып жатқан ғимаратында өрт шыққандығы жайнда өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндіру қызметі хабарды ести сала айтылған оқиға орнына 10 негізгі өрт сөндіргіш автоэкипажы мен 6 арнайы және көмекші өрт сөндіру техникасы жұмылдырған. Алғашқы арнайы өрт сөндіру қызмет бөлімі оқиға орнына сағат 16:44-те жетіп, 16:54 кезінде жылдам әрекет жасау арқасында сағат тілі тура 17:06 болған шақта ғимараттағы толықтай от сөндірілген.
Өрттің салдарынан құрылысы жалғасып жатқан ғимарат жертөлесінде болған құрылыс үшін әкелінген жылу сақтауыш заттардың (пенопласт) 150 шаршы мертлі аумағы жанып кеткен. Қазірде өрттің шығу себебі мен материалдық шығынның мөлшері анықталуда.
Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттық қызметі