Ташкенттегі ерекше көпір
ФОТОРЕПОРТАЖ
Өзбекстан тарихындағы алғашқы үш бағанды көпір Ташкенттегі Ахангаран тас жолы мен Махтумкули көшесінің қиылысында бой көтерді.
Қаладағы көлік қозғалысының кептелісі мен сыртқы мекендер арасын едәуір жақындату мақсатында басталған жоба 2018 жылда қолға алынған еді. Қазір мұнда бір сағатта 20 мың көлік қатынауына мүмкіндік туды. Ташкент пен Шымган арасы 22 шақырымға қысқарды.
Көпірдің алғашқы төменгі қабатының ұзындығы 502 метр, ені 26,7, биіктігі 5,5 метрден тұрады. Орта бөлігінің ұзындығы 29 метр, жолдың кеңдігі 24,5 метрді құраса, үстінгі бөлік 593 метрлі ұзындықта бағыт алған 26,7 метр енді қарама-қарсы қатнау бөлігінің әр бірі үш жолақтан тұрады.
суреттерді түсірген Ақыл Ғуломов