Ташкенттегі жерүсті метро желісінің құрылысына 354,3 млн доллар бөлінеді
Ташкенттегі жаңа жерүсті метро желісі құрылысының жалпы құны 354,3 миллион долларды құрайды. Оның 208,3 миллион доллары мемлекеттік бюджеттен қарастырылмақ.
«Норма» порталындағы мәліметте, жаңа метро желісінің құрылысы Президенттің «Ташкент қаласында жерасты жолы мен жерүсті айналма желісінің құрылысы жобасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша жобаның жалпы құны 354,3 млн долларды құрайды. Бұл қаражат келесі тәртіпте қаржыландырылады:
- Мемлекеттік бюджеттен – 208,3 млн доллар;
- Қайта құру және даму қорының қаражаты есебінен – 108,3 млн доллар;
- Қытай Эксимбанкінің 500 млн доллар несиесі есебінен;
- Мемлекеттің үлесі 37,07 млн долларды құрайды.
Жобаны капиталдандыру 317,2 млн долларды құрайды, ол машина, жабдықтар және құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалмақ.
Хабарламада, Қытайдың Эксимбанкінен алынған несие бес жылдық жеңілдікпен 20 жыл мерзімге берілгені атап өтілген. Қайта құру және даму қорынан несие төрт жылдық жеңілдікпен 15 жылға беріледі.