Ташкенттегі жарылыс қала әуежайының жұмысына әсер еткен жоқ
Бүгін Ташкент қаласында түнгі сағат 02:43 өткенде «Сергели» ауданында болған жарылыс салдары Ташкент халықаралық әуежайының жұмысына әсер еткен жоқ.
Әлеуметтік желілерде жарылыс оқиғасының «ұшақ құлауы салдарынан болды» деген ақпарат таралуда.
Ресми мәлімет бойынша, өрт «Inter Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі қоймада болған.
Оқиға қала әуежайының жұмысына әсер еткен жоқ. «Ташкент» халықаралық әуежайы қалыпты режимде шектеусіз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Uzbekistan Airports.