Ташкенттегі стоматология институтында инновациялы «Симуляциялық орталық» ашылды
Ташкент мемлекеттік стоматология институтында заманауи инновациялы «Симуляциялық орталық» жұмысын бастады.
Институттың симуляциялық орталығын ұйымдастыруда Ресейд, Беларусь, АҚШ және Оңтүстік Кореядағы беделді жоғары оқу орындары мен оқу орталықтарының тәжірибесіне негізделген.
Бұл орталықта Францияның «Virteasy Dental» 3D симуляторлары, Англияның оқу микроскоптары, Ресейдің «Пирогов» анатомиялық интерактивті үстелі, Италияның студенттеріне арналған соңғы үлгідегі стоматологиялық фантомымен жабдықталған болып, бұдан бөлек ақпараттық ресурстар орталығының виртуалды кітапханасы да студенттерге қызмет етеді.

Стоматология институтындағы инновациялы орталықтың ашылу салтанатына ӨР Жоғары және арнайы орта білім министрі Абдуқадир Ташкулов қатысып, осынау орталық болашақта жоғары білікті стоматологтардың шығуында маңызды рөл атқаратындығын айтты.
