Ташкенттегі өрт шыққан ауданда жүргізілген тазалық жұмыстарынан фоторепортаж
Ақпаратқа сәйкес, Ташкент қаласындағы «Сергели» ауданында болған жарылыс салдарын жоюға ТЖМ және басқа да тиісті ұйымдардан барлығы 210 көлік пен 2 мыңнан астам жеке құрам тартылған.
Жарылыс салдарынан аудандағы 26 көпқабатты үйдегі 592 пәтер мен 8 техникалық қызмет көрсету станциясы, бір мектеп және 2 МТТ ғимараттың фасат бөлігіне залал жеткен.
[gallery-13780]
Сондай-ақ аудандағы 24 көпқабатты тұрғын үй мен 25 ауланың қасбеттері, терезе жақтаулары мен шатырлары зақымданған.
суреттерді түсірген Мурадхон ХУЖАЕВ, ӨзА