Ташкент қаласындағы қоймадағы төтенше жағдайдың себептерін тексеру, шығынды жою және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі Үкімет комиссиясының ақпараты жарияланды.
Оған сәйкес ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Ташкент қаласының «Сергели» ауданында орналасқан «Interlogistics» ЖШС қоймасында орын алған өрт пен жарылыс салдарын тексеру мақсатында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасымен құрылған Үкімет комиссиясы тарапынан келесі шаралар қабылданды:
Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендердің жалпы саны 163 адам, оның 150-і жеңіл, 13-і ауыр жарақат алған. Ауыр жарақат салдарынан кәмелетке толмаған бір азамат көз жұмған.
Зардап шеккендердің 24-і ауруханаға жеткізіліп, оларға тиісті медициналық және психологиялық көмек көрсетілген. Қалған 138-і амбулаторлық емдеуге жіберілді. Қазіргі уақытта зардап шеккен барлық азаматтардың денсаулығы қалпына келіп, үйлеріне жіберілді.
Төтенше жағдай салдарынан 39 көпқабатты үйдегі 1370 пәтер мен 246 жер үйдің қасбеті, терезе жақтаулары, есіктері мен шатырлары зақымданып, жалпы шығын көлемі 14,5 миллиард сумды құрайды.
Оқиға салдарынан аудандағы 1 мектеп (1250 орындық) пен 1 балабақшаның (720 орындық) терезе жақтаулары, есігі мен қасбеті зақымданған.
Қазір бұл нысандарға мердігер ұйым бекітіліп, құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Кешенді сот-сараптамасы, тергеу және сот өндірісі аяқталғаннан кейін анықталған шығын сомасы кінәлі деп танылған сотталушыдан заңға сәйкес толық өндірілетін болады.
Төтенше жағдайдың себептерін тексеру барысында өрт шыққан жер мен жарылыс көзі металл және «сэндвич» панельдерден құрылған қоймада болғаны анықталды. Өрт пен жарылыс салдарынан қойманың металл конструкциялары деформацияланып, опырылып құлаған.
Өрт болған қоймада көп мөлшердегі химиялық заттар, құрылыс және басқа да өнімдер көрсетілген талаптарда сақталмай аралас күйде сақталған.
Оқиға орнынан алынған сынамалар негізінде жүргізілген химиялық зерттеулер нәтижесінде полиэфир, ксилол, көмірсутек, натрий гидроксиді, сутегі пероксиді, этилен гликоль және жоғары молекулалық көміртек қышқылы күрделі эфирлері сияқты химиялық заттардың бар екені анықталған.
Бұл заттар қоймада сақталатын сутегі пероксиді, алкидті смоласы, алкилбензол сульфон қышқылының, латех, полиэфирлі смола, каустикалық сода заттарының және лак өнімдерінің құрамдас бөліктері болып табылады және өрт және жарылыс қаупі жоғары болып саналады.
Оқиға орнын тексеру кезінде сутегі пероксиді сақталған жердің жанында гүл қағаздары мен басқа да жанғыш материалдар сақталғаны анықталды.
Зерттеу нәтижелері бойынша қоймада сақталған химиялық заттар мен материалдардың өзара әрекеттесуі және химиялық өздігінен жануынан жарылыс орын алған.
Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасы аталған жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 259-бабы 2-бөлігінің «а» және «б» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қылмыстық іс бойынша 4 азамат «қамау алынып», 1 азамат «кепілдік» қолданылған.
Бастапқы зерттеу нәтижелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар алдағы уақытта осындай төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспары әзірленуде.
Кешенді сот-медициналық сараптаманың қорытындысы мен тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті қорытынды жуық арада жарияланады.