Ташкенттегі Ұлттық саябақтың бүгінгі келбеті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан ұлттық саябағы – Ташкенттің көркін айшықтайтын, қала тұрғындары мен қонақтары сүйіп баратын ең ірі әрі еңселі демалыс орындарының бірі. Кең аумақты алып жатқан саябақ жасыл желекке малынып, көз жауын алатын гүлзарларымен, серуендеуге арналған жайлы аллеяларымен ерекшеленеді.
Мұнда таза ауамен тыныстап, отбасымен немесе достарымен бірге тынығуға барлық жағдай жасалған. Ұлттық саябақ аумағында аттракциондар, жайлы кафелер, сондай-ақ түрлі мәдени және ойын-сауық іс-шаралары өтетін алаңдар үздіксіз жұмыс істейді.
Саябақ – қала қарбаласынан бір сәт алыстап, табиғат аясында тынығып, бос уақытты мазмұнды әрі көңілді өткізуге таптырмас мекен.
[gallery-26996]
ӨзА суреттері.