Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі Ташкент қаласындағы 5 жұлдызды «Hyatt Regency Tashkent» қонақ үйінің бәсекелес сауда арқылы сатылатынын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, сату процесіне «KPMG Valuation and Consulting LLC» активтерді жекешелендіру бойынша үздік ұсыныстарды іріктеу негізінде эксклюзивті қаржылық кеңесші ретінде шақырылған.
«Hyatt Regency Tashkent» қонақ үйі 2016 жылы Ташкенттің орталығында бой көтерген Өзбекстандағы «Hyatt» халықаралық брендінің бірінші қонақ үйі. Ол халықаралық қонақ үйлер желісі басқаратын Өзбекстандағы жалғыз бес жұлдызды қонақ үй саналады. Қонақ үй қаланың орталығында ыңғайлы және Ташкенттің басты көрікті жерлеріне жақын орналасқан.
Жалпы жер көлемі 3,1 га, ғимараттар мен құрылыстардың ауданы 60,1 мың шаршы метр. Қонақ үй 8 қабаттан тұрады және клиенттерге арналған 300 бөлме, оның ішінде 248 стандартты және 52 люкс/жартылай люкс нөмірлер орын алған.
Қонақ үй аумағында халықаралық сапа стандарттары деңгейінде жабдықталған әртүрлі сыйымдылықтағы бірнеше конференция залы, сонымен қатар ауданы 850 шаршы метр банкет залы, жабық бассейн және SPA орталығы бар.