2023 жылдың 29 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында өтетін «Жібек жолы жауһары» ХV Ташкент халықаралық кинофестивалі аясында қаланың 10-ға жуық кинотеатрында шетелдік фильмдер көрсетіледі.
Ташкент халықаралық кинофестивалі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Parus Cinema», «Riviera Cinema», «Next Cinema», «Compass Cinema», «Aziya Cinema» сынды кинотеатрларда 50-ден астам шетелдік фильмдері өзбек және ағылшын тілдеріндегі субтитрлермен көрсетіледі.
Кинофестиваль аясында Еуропалық Одақ елдерінің кинофестивалі, сондай-ақ Түрік елдері мен ТМД елдерінің кинофорумы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, кинофестиваль бағдарламасында «Өзбек дубляжы 85 жаста», «Кино 5 күнде» байқауы, өзбек киносының 115 жылдығына арналған ұлттық іс-шаралар, Италия фильмдердегі киімдер көрмесі, кинотеатрларда шетелдік кино күндері, семинарлар мен шеберлік сабақтары, атақты кинематографистермен шығармашылық кездесулер, ретроспективті фильмдер көрсетілімдері өтеді.