Ташкентте жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде жаңа стрит-арт пайда болды
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкент қаласының Ислам Каримов көшесінде Орталық универмаг жанындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің қабырғасында әлеуметтік мәселелерді бейнелейтін стрит-арт пайда болды.
БҰҰ Даму бағдарламасының (UNDP) әлеуметтік жобасында «Көшелер мен үшін қауіпсіз әрі жайлы болуы керек!» ұранымен көшелер мен жолдардан өту кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көрсетілген.
[gallery-15163]
суреттерді түсірген Д.ЭРНАЗАРОВ, ӨзА