English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте жеке Материалтану университеті ашылады
13:58 / 2021-03-26

Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешімі бойынша Ташкент материалтану университеті құрылады. Қазірде тиісті қаулы жобасы талқылауға жарияланды.

Қаулыда айтылуынша,  Ташкент материалтану университетін мемлекеттік емес жоғары оқу орны түрінде құру көзделген.

Жоғары оқу орнының негізгі міндеттері Материалтану және жаңа материалдардың технологиясы, сонымен қатар басқа салаларда жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған. 

Университетте білім беру сандық технологиялар, қашықтықтан оқу форматы, вебинарлы, «blendedlearning» және басқа да заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, күндізгі, сырттай және кешкі оқу түрінде жүзеге асыру жоспарлануда.

ЖОО-да оқу ақылы негізде болып, заңды тұлғалар - әлеуетті жұмыс берушілер тарапынан берілетін білім гранттары және жастарды оқытуға бөлінген заңды және жеке тұлғалардың демеушілік көмегі жүзеге асырылады. 

Білім жұртының түлектеріне Өзбекстан Республикасында жоғары білім туралы құжат ретінде танылған мемлекеттік диплом беріледі.