Ұлттық масс-медианы қолдау және дамыту қоғамдық қоры, Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік мұражайы, Ғылым академиясының Тарих институты және Түркі мемлекеттері ұйымымен бірлесіп, Ташкент қаласындағы «Tashkent City Congress Hall» орталығында «Жәдидтер» тақырыбында халықаралық конференция басталды.
Атаулы халықаралық басқосуға ел үкіметтің өкілдері, тарихшы, әдебиеттанушылар мен шетелдік ғалымдар және сарапшылар қатысуда.
Екі күнге жалғасатын бұл конференцияның бірінші күнінде жәдидтік қозғалыстың идеясын, мақсат-міндеттерін дәйекті түрде зерделеу, қозғалыстың ағартушылық-баспа ісі саласындағы үлесі, ұлттық мемлекеттілік қалыптастырудағы қоғамдық-саяси күш-жігері, сондай-ақ жәдидтердің ғылыми және мәдени мұралары, олардың зерттеулері жөнінде пікір алмасылады.
Алқалы шараның екінші күні белгілі өзбек және шетелдік ғалымдар, тарих саласының өкілдерімен дөңгелек үстел сұхбаты өтеді.
[gallery-15005]
Алқалы шараның екінші күні белгілі өзбек және шетелдік ғалымдар, тарих саласының өкілдерімен дөңгелек үстел сұхбаты өтеді.
У.Алимов, Д.Эрназаров, М.Амин (фото), ӨзА