Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте жасанды тыныс алу аппаратын жасайтын кәсіпорын іске қосылды
16:10 / 2021-03-17

Ташкентте Ресейдің «Shimco Group» пен Словакияның «Chirana» компаниясы тарапынан жасанды тыныс алу қондырғысының өндіріс кәсіпорны іске қосылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаменті хабарлауынша, Ресей-Словакия-Өзбекстан бірлескен «Chirana Asia» кәсіпорны жылына 500-ге жуық атаулы аппаратты шығарады. Өндірістің жалпы құны 6 миллион долларға бағаланған.

Бірінші кезеңде ресейлік компания жасанды жасанды тыныс алу қондырғысының өндірісіне 2 млн доллар инвестиция салған, ал болашақта бірлескен кәсіпорын наркоз және стоматологиялық қондырғылар өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.

Кәсіпорындағы өнімнің шамамен 80 пайызын Орталық Азия елдеріне, ең алдымен Ауғанстанға экспорттау көзделген, сонымен қатар компания Тәжікстан және Қырғызстанмен келісімшарт жасаған.