Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте жас режиссерлердің «Дебют – 2022» 7-ші республикалық фестивалі басталды
17:42 / 2022-09-27

«Мукими» атындағы Өзбекстан мемлекеттік музыкалық театрында жас режиссерлердің «Дебют – 2022» 7-ші республикалық фестивалі басталды.

Атаулы шығармашылық жоба ӨР Мәдениет министрлігі және Өзбекстан театр әртістері қауымдастығымен бірлесіп, Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Шарада Мәдениет министрінің орынбасары Муроджон Маджидов, Өзбекстан театр әртістері қауымдастығының төрағасы Якуб Ахмедов, белгілі режиссер Алимжон Салимов ұлттық театр өнерін дамыту Мемлекет басшысының тұрақты назарында және қамқорлығында екенін атап өтті.

Фестивальді өткізуде мақсат - жас режиссерлерге қолдау көрсету, олардың шығармашылығын қалың жұртшылыққа таныстыру, театр өнерінің дамуына үлес қосу . Бір айта кетерлігі, 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл фестивальге қатысқан жастардың дені бүгінде Өзбекстанда театр ұжымдарында бас режиссер қызметін атқаруда.

[gallery-8930]

«Бұл фестивал жастар шығармашылығын жан-жақты саралау, пікір және тәжірибе алмасуда маңызы зор. «Дебют – 2022» фестивалінде жас режиссер Назар Нуруллаевтың белгілі драматург Шухрат Ризаевтың шығармасы бойынша сахналанған «Ана» драмалық повестін ұсынбақпыз», - дейді Сырдария аудандық музыкалық драма театры директорының орынбасары Қандияр Рустамов.

Фестивал аясында театр өнерінің даму болашағына арналған конференция, дөңгелек үстелдер, өнердегі ұстаздар мен драматургтердің қатысуында шеберлік сабақтары, жаңа пьесалардың көрсетілімі өтеді.

Осынау мәдени шараның ашылуы күні «Мукими» атындағы Өзбекстан мемлекеттік музыкалық театрының «Усман Насыр» спектаклі көрсетілді.

Назакат Усмонова, Насыржан Хайдаров (сурет), ӨзА