Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте жапондық IT мектептер ашылады
10:30 / 2021-03-02

Ташкентте Жапонияның «Beeanz» корпорациясы IT мектеп ашады.

Ташкент қаласының мэрі Жахонгир Ортиходжаев жапондық кәсіпкерлер тобымен кездесіп, бірге ынтымақтастық жасау жайлы әңгімелесті.

Бүгінгі таңда Жапонияның «Beeanz» корпорациясы Өзбекстанның Науаиы облысының Зарафшан қаласы мен Ташкент облысының Янгиюль ауданында IT мектебін іске қосқан болып, корпорация Ташкент қаласында да осындай мектеп ашуды жоспарлап отыр. Ташкент қаласының мэрі бұл ұсынысты қолдап, жас ұрпақтың заманауи технологиялар негізінде білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

«Noritsuisu» компаниясы басшылары кәсіпкерлер арасындағы байланысты кеңейтудің және Жапонияның жас кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп форум ұйымдастырудың маңыздылығын айтып, кеңсе креслолары өндірісінің негізгі бағыттарының бірі болып саналатын компания дәл осы бағытта Ташкентте бірлескен кәсіпорын ашуды, сондай-ақ қауіпсіздік үшін арналған ID карта өндірісінің жолға қою жайлы ұсыныс білдірген.