Ташкентте Өзбекстандағы конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастады
Бүгін, 18 сәуірде Ташкент қаласындағы Конгресс-холлда «Конституциялық реформаның мәні мен маңызы: Жаңа Өзбекстан – жаңарған Конституция» тақырыбындағы халықаралық конференция өз жұмысын бастады.
Форумға республикадағы және шетелдердің жетекші саясаткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен ғалымдар, беделді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Конференция барысында қатысушылар конституциялық реформаның ең маңызды және өзекті мәселелерін талқылайды.