Ташкент қаласында Өзбекстан-Әзірбайжан өңіраралық форумы мен кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті.
ӨР Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Кудратов, Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтияр Саидов, Әзірбайжанның Экономика министрі Микайил Джаббаров төрағалық еткен форумға екі елдің министрліктері мен ведомстволарының, салалық қауымдастықтар, коммерциялық банктер, Сауда-өнеркәсіп палаталарының өкілдері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары мен іскер топ өкілдері қатысты.
Форумда сауда байланысын кеңейту және өзара сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізу мақсатында жақын арада екі елдің нарығына сұранысқа ие өнімдерді өзара жеткізуді арттыру, тұрақты сауда-саттықты жүргізу кәсіпкерлер арасында тікелей қарым-қатынас орнату үшін платформалар құру жоспарланып отырғаны белгілі болды.
Өңіраралық форум аясында жобаларды табысты және уақтылы қаржыландыру мақсатында жарғылық капиталы 500 миллион долларды құрайтын бірлескен инвестициялық қор құру туралы келісімге қол қойылды.
Шара аясында «В2G» және «В2В» форматындағы қатысушылардың кездесулері және Өзбекстан-Әзербайжан кәсіпкерлері кеңесінің 3-ші отырысы ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша екі елдің аумақтық дамуының басым секторлары бойынша барлығы 11 сауда-экономикалық құжатқа қол қойылды.