Ташкент қаласында үш елдің сыртқы саясат, сауда, экономика және көлік салаларына жауапты министрлік басшыларының қатысуымен «Өзбекстан-Әзербайжан-Түркия» үшжақты кездесуі өтті.
Үшжақты алғашқы кездесудің қорытындысы бойынша таяу болашақтағы негізгі басымдықтарды айқындайтын маңызды құжат – Ташкент декларациясына қол қойылған.

Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрінің м.а. Владимир Норов мәлімдеп: – Жалпы, Ташкентте өткен сыртқы істер, экономика және көлік министрлері арасындағы бірінші кездесу елдеріміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірлесіп жұмыс істеудің және практикалық нәтижелерге қол жеткізуге назар аударудың маңыздылығын растады.
Бүгінгі кездесу жоғары деңгейдегі келіссөздердің қисынды жалғасы және стратегиялық және моральдық жағынан жақын үш ел үшін ынтымақтастықтың мүлдем жаңа нысаны болып табылады, өңірлік және халықаралық саясаттың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға бірегей мүмкіндік туғызады.
Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркия мүше болып табылатын халықаралық институттар аясында үйлестірілген күш-жігерді жалғастыруға әзірлік білдірді.
Біз әріптестерімізбен осы жылдың қараша айында Өзбекстанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бірінші саммитіне дайындық барысын талқыладық, деген Владимир Норов.