21 желтоқсан күні Ташкент қаласында Өзбекстан мен Қазақстан арасында өңіраралық бизнес-форумы өтті.
Соңғы жылдары тауар айналымы екі есеге өсіп, 5 миллиард долларға жақындады. Форумның мақсаты осы межені 10 миллиард долларды жеткізу. Ол үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Инвестициялық кооперация мен өнеркәсіптік кооперация саласында да қарқынды өсу байқалуда. Соңғы 5 жылда Өзбекстанда Қазақстан капиталының қатысуымен кәсіпорындардың саны 5 есеге өсіп, 1200-ге жуықтады.
Өзбекстан-Қазақстан өңіраралық бизнес-форумының қорытындысы бойынша екі ел агроөнеркәсіп, автомобиль өнеркәсібі, тоқыма, теміржол, көлік-логистика, тұрмыстық техника сияқты салаларда ынтымақтастық орнатуға келісіп, іскер топтар арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды.
Тараптар Самарқанд пен Түркістан қалалары арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы нақты инвестициялық жобаларды көздейтін «Жол картасына» және жалпы құны 3 миллиард доллардан асатын Өзбекстан мен Қазақстанның іскер топтары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту жоспарларын қамтитын келісімдер кешеніне қол қойылды.