Ташкент қаласында Өзбекстан мен Оман сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультацияның кезекті кезеңі өтті.
Делегацияларға еліміздің СІМ басшысының бірінші орынбасары Бахромжон Аълоев және әріптес тараптың сыртқы саясат ведомствосы жетекшісінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Шейх Халифа бен Али әл-Харисий жетекшілік етті.
Келіссөздерде екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму болашағы жан-жақты талқыланды. Тараптар саяси диалогты тереңдетуге, парламентаралық байланыстарды, ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізін нығайтуға, халықаралық ұйымдар аясындағы серіктестікті кеңейтуге дайын екендерін растады.
Сондай-ақ сыртқы сауданы күшейту мен әртараптандыру, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру шараларын қарастыруға уағдаласты.
Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық салаларда, яғни білім, ғылыми-зерттеу және туризм бағыттарындағы байланыстарды дамыту мәселесі де көтерілді. Халықаралық және өңірлік күн тәртібіне қатысты кейбір мәселелер бойынша пікір алмасылды.
Консультация қорытындысында Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.