Ташкентте Өзбекстан – Үндістан ақпараттық технологиялар және иновациялар форумы өтеді
Форум «Entrepreneurship World Cup – Tashkent 2019» халқаралық кәсіпкерлер байқауының ұлттық кезеңі аясында өткізіледі.
Форум 30-31 мамыр күндері «Entrepreneurship World Cup – Tashkent 2019» халқаралық кәсіпкерлер байқауының ұлттық кезеңі аясында өткізіледі.
Аталған форумды Иновациялық даму министрлігі мен Өзбекстандағы Үндістан елшілігі ұйымдастыруда. Форумның басты мақсаты – өзара тиімді жобалар туралы пікір алмасу, жаңа идеяларды талқылау және екі ел арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды орнату.
Форум аясында Өзбекстан және Үндістан министрліктері мен ведомстволарының, start-up компаниялары мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатысатын болады.