English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Өзбекстан мен Әзірбайжан консулдық консультациялар өткізді
13:00 / 2024-09-22

Ташкентте Өзбекстан мен Әзірбайжанның Сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтер басшылары арасында кезекті консулдық консультациялары өтті.

СІМ мәліметінше, тараптар екі елдің консулдық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту жайын, алдағы мүмкіндіктерді талқылады. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері қаралды.

«Күн тәртібінде миграция, әділет, статистикалық ақпарат және азаматтық актілер туралы мәліметтер алмасу, заңнамалық базаны одан әрі кеңейту жөніндегі ынтымақтастық мәселелері де қарастырылды», делінген хабарламада.

Ведомство дерегінше, тараптар уәкілетті органдар арасында қызығушылық тудырған түрлі мәселелер бойынша тікелей өзара әрекеттестікті жолға қоюға ерекше назар аударды.