Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Өзбекстан мен Түркия әскери-әуе күштерінің қолбасшылары кездесті
17:41 / 2023-04-27

26 сәуірде Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде ӨР Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштері менӘскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Ахмад Бурханов Түркия Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы армия генералы А.Гулан бастаған делегацияны қабылдады.

«Келіссөздер барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективалары, әуе күштері саласындағы ынтымақтастық, осы саладағы сарапшылардың біліктілігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды», делінген хабарламада.

Түрік делегация өкілдері Шыршық қаласында орналасқан әскери бөлімде болып, әскери бөлімнің қызметімен және көрсетілім ұшуларымен танысқан.

«Түркия Республикасы Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы армия генералы Атилла Гулан Өзбекстан әскери мамандарының білімі мен тәжірибесін жоғары бағалай отырып, алдағы уақытта салада ұйымдастырылатын практикалық жұмыстар екі ел арасындағы әскери қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға қызмет ететінін атап өтті», - делінген министрлік ақпаратында.