Ташкентте Өзбекстан мен Түркия арнайы қызмет өкілдерінің кездесуі өтті
Өзбекстан мен Түркия Республикалары президенттері арасындағы келісімдерге сәйкес, биылғы жылдың 12 қыркүйегінде Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің (МҚҚ) орталық аппаратында МҚҚ төрағасы Абдусалом Азизов Ибрахим Калын басшылығындағы Түркияның Ұлттық барлау ұйымы делегациясын қабылдады.
Кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, атап айтқанда, терроризм мен экстремизмге, заңсыз көші-қонға, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, террористік қызметке қатысы бар іздеудегі адамдарды ұстау және депортациялау мәселелері талқыланды.
Түркия делегациясының сапары екі мемлекет арасындағы жоғары деңгейдегі саяси қатынастардың қарқынды дамып келе жатқан кезеңінде өтті.
Өзбекстан мен Түркия бауырлас мемлекеттер ретінде заманауи қауіп-қатерлер мен сын-қатерлерге қарсы күрес мәселелерінде бірауызды ұстанымға ие.
Қазіргі уақытта тек бірлескен күш-жігер мен практикалық ынтымақтастық елдерімізді терроризм мен экстремизмнің кез келген түрінен қорғауға қабілетті екенін атап өткен жөн.