Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте «Өзбекстан мен Қытайдың табиғи жауһарлары» туындылары көрсетілді
12:16 / 2023-10-31

Ташкент қаласындағы Өзбекстан мемлекеттік тарих музейінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай «Өзбекстан мен Қытайдың табиғи жауһарлары» атты көрме ашылды.

Көрмеде Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі, Өзбекстан өнер академиясы, Мемлекеттік өнер мұражайы, Өзбекстан мемлекеттік тарих мұражайы, Өзбекстандағы Қытай кәсіпкерлері қауымдастығы, «Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited » және «Shanghai Construction Group» компаниясы қолдауымен ұйымдастырылған көрмеде екі ел суретшілерінің 40-тан астам туындылары көрсетілді.

Картиналарда екі елдің көрікті жерлері, табиғаты, жануарлар әлемі бейнеленген.

Көрмеге қойылған жұмыстардың бір бөлігі «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінің қорына, тағы бір бөлігі Қытай үкіметіне тапсырылады.

Өзбекстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды дамытуда мұндай бірлескен көрмелердің маңызы зор.

Гулназа Бабаева, ӨзА