15 наурызда Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың жетекшілігімен екі елдің үкіметтік делегацияларының кездесуі өтті.
ӨР Үкімет порталының хабарлауынша, кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастар достық, тату көршілік және өзара құрмет рухында қарқынды дамып келе жатқаны, тұрақты және сенімді қарым-қатынастар маңызды фактор екені атап өтілген.
«Біздің Мемлекет басшылары екі ел арасындағы көпқырлы қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту бойынша үкіметтердің алдына нақты міндеттер қойғаны және оларды орындау үшін барлық қажетті шараларды бірлесіп қабылдау қажет екені айтылды.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген, соның ішінде сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика, су шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және гуманитарлық салалардағы ағдаластықтардың орындалуын толық қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударылды», делінген хабарламада.
Екі елдің Премьер-Министрінің орынбасарлары және басқалар аталған салаларда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі туралы ақпарат берген.
Ведомство дерегінше, Қазақстан Үкіметі делегациясының Өзбекстанға жұмыс сапары аясында Ташкент қаласындағы Кедендік ресімдеу орталығы мен Технопарктің қызметімен танысты.