Ташкентте Өзбекстан-Кипр саяси консультацияларының кезекті раунды өтті
Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы мен Кипр Республикасы сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті.
СІМ мәліметінше, келіссөздер барысында Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті, Инвестицияларды ынталандыру агенттігі басшысының орынбасары және Туризм министрлігінің өкілдері де қатысты.
«Делегациялар екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылап, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын қарастырды.
Ынтымақтастықтың бар әлеуетін, ең алдымен, сауда-экономика, инвестиция және туризм салаларында пайдалану перспективаларына ерекше назар аударылды», делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету бойынша ұсыныстар да қарастырылған.