Ташкентте Өзбекстан кинематография академиясы ашылады
Ташкентте Өзбекстанда кинематография академиясын ашу жоспарлануда. Академия қасында С.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының филиалын және Ташкент қаласында кинематографияға мамандандырылған орта мектеп ашу көзделген.
«Өзбеккино» Ұлттық агенттігінің хабарлауынша, кино саласына қатысты алдағы жоспарлар жөнінде жиын өтіп, онда Өзбекстан кинематография академиясын құру жоспары талқыланған. Кездесуде академияның материалдық-техникалық базасын қалыптастыру, сондай-ақ ғимаратты салумен қатар академия қасында С.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының филиалын және Ташкент қаласында кинематографияға мамандандырылған орта мектеп ашу жайлы мәселе жан-жақты қаралған.