Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте Өзбекстан-Беларусь әйелдер бизнес форумы өтеді
17:56 / 2024-07-30

Биылғы жылдың 26-27 тамызы аралығында Ташкент қаласында Өзбекстан-Беларусь әйелдерінің екінші бизнес форумы өтуі күтілуде.

Бизнес-форумды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Онда шараға дайындық, аталмыш форумды жоғары деңгейде ұйымдастыру және жаңа ынтымақтастық келісімдерін жасау, үдерістерді қалың жұртшылыққа жеткізу мақсатында әзірленген шаралар мен айқындалған міндеттер талқыланды.

Атаулы бизнес-форумның негізгі мақсаты Өзбекстан мен Беларусь іскер әйелдерінің іскерлік және экономикалық қарым-қатынастарын нығайту, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеу және барларын кеңейту, тәжірибе алмасу, елдер экономикасының тұрақты дамуына үлес қосу, екі ел арасындағы сауда көлемін арттыруға қыз-келіншектерді кеңінен тарту болып табылады.

Бизнес-форумда жеті секцияда, яғни қызмет көрсету, электр-техникалық өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, электр энергетикасы және «жасыл» энергетика бағыттары бойынша кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.