Ташкентте өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері талқыланды
Жиының қорытындысы бойынша екі ел жұмыс топтары тарапынан 2017-2020 жылдары әзірлеген мемлекеттік шекараның кейбір нүктелерін демаркациялау жобасын мақұлдауға келісті
24-27 тамыз аралығында Ташкентте Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Үкіметтері делегацияларының өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша кезекті отырысы және жұмыс топтарының кездесуі өтті.
Кездесуде Қырғыз Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Делегация басшысы Акрам Мадумаров пандемия кезінде Өзбекстан басшылығы қырғыз халқына көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін Қырғызстан басшылығы атынан шынайы ризашылығын білдірді.
Жиының қорытынды келіссөздері кезінде екі ел жұмыс топтары тарапынан 2017-2020 жылдары әзірлеген мемлекеттік шекараның кейбір нүктелерін демаркациялау жобасын мақұлдауға келісіп, Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында кейбір өткізу пункттерін ашу мәселесінде талқылады.
Достық пен тату көршілік рухында өткен келіссөздер соңында тиісті келісімдерге қол қойылды.