French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте ЮНЕСКО-ның II Дүниежүзілік конференциясы өтеді
13:22 / 2022-07-27

2022 жылдың 14 қарашасында Ташкент қаласында ЮНЕСКО-ның II Дүниежүзілік конференциясы өтеді.

Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі білім беру министрлігінің хабарлауынша, ЮНЕСКО-ның II Дүниежүзілік конференциясын жоғары деңгейде өткізуге дайындық барысы, сондай-ақ министрліктің 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметі туралы баспасөз мәслихаты өтті.

Мектепке дейінгі білім беру министрі Агриппина Шин, Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзодхан Кудратхожа, ЮНЕСКО штаб-пәтерінің үздіксіз білім беру саясаты және жүйелері бөлімінің меңгерушісі Чакрун Борхен және ЮНЕСКО штаб-пәтерінің балаларды ерте дамыту бағдарламасының маманы, Диавара Рохая қатысқан шарада, ерте жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша ЮНЕСКО-ның II Дүниежүзілік конференциясы бойынша атқарылар жұмыстар мен бұл шараның Өзбекстанда өтуі мектепке дейінгі білім беруді дамыту үлгісін көрсетуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Баспасөз мәслихатында II Дүниежүзілік конференция туралы ақпарат айтылып, бұл конференцияның мақсаты мүше мемлекеттердің кіші жастағы балаларын тәрбиелеу мен оқытуға зияткерлік қоғам құрудың маңызды бөлігі және жүйелі даму стратегиялары ретінде қаралатн жаңартылған саяси көзқарастарды жетілдіру және инвестицияны ұлғайту болып табылатыны атап өтілді.

Делегаттар, байқаушылар және ЮНЕСКО хатшылығының мүшелері мен онлайн қатысушыларды қоса алғанда, іс-шараға қатысушылардың жалпы саны 1500 болады деп күтілуде және 500 қатысушы онлайн режимде де қарайтын болады.