Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте «XIX ғасырдағы Өзбекстан» атты көрме ашылды
09:58 / 2024-11-07

Ташкент қаласындағы Фотосуреттер үйінде Түркияның елшілігі мен Йылдыз техник университетінің Султан Абдулхамид II атындағы ғылыми-тәжірибелік зерттеу орталығының қолдауымен «XIX ғасырдағы Өзбекстан» атты көрме жұмысын бастады.

11 қарашаға дейін жалғасатын бұл көрмеде алғаш рет ұсынылған 114 фотосурет арқылы көне тарихқа бай Өзбекстанның XIX ғасырдағы мәдени мұрасы, әлеуметтік және күнделікті өмірі, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпы, отбасылық құндылықтары бейнеленген.

[gallery-20178]

Көрме Ресейдің ең көне өнер ордаларының бірі — Санкт-Петербургтегі Кунсткамера музейінде сақталған, Орта Азияның әйгілі фотографы В.Орден түсірген Өзбекстанға қатысты сирек суреттер топтамасынан құралған.

Түркі халықтарының мәдени мұрасының бесігі саналатын Өзбекстанның ғасырлар бойы жинақталған баға жетпес құнды — сирек суреттер топтамасын көрме қатысушылары мен қонақтары жоғары бағалады.Туркий халқлар маданий меросига бешик бўлган Ўзбекистонда асрлар давомида тўпланган бебаҳо бойлик – ноёб суратлар тўпламини тадбир қатнашчилари, мухлислар юксак баҳолади.

суреттерді түсірген О.Пардаев, ӨзА