Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте халықаралық театр және балет фестивалі өтеді
17:48 / 2022-02-21

Мәдениет және өнерді дамыту қоры 2022 жылдың 19 наурыз бен 14 мамыр аралығында Ташкентте «Халықаралық театр фестивалі – 2022» шарасын ұйымдастырады.

Атаулы шараға Мәскеудің «Современник» театры, Заманауи пьеса мектебінің Мәскеу театры, Ұлттар театры, А.П. Чехов атындағы Мәскеу көркем театры, Борис Эйфман атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет театры, Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық үлкен театр, Хамза атындағы Өзбек ұлттық драма театры, Марк Вайльдің «Ильхом» театры, Өзбекстан жастар театры қатысады.

Әлемдік өнер жұлдыздарының осы сапары аясында мәдениетаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін концерт, спектакль, түрлі қойылым, шеберлік сабақтары мен тәжірибе алмасу шараларын қамтиды.

Фестиваль бағдарламасында «Лазги – Көңіл мен махаббат биі» балет қойылымыда бар. Лазги үш мың жылдық тарихы бар би өнері. Бұл көне Хорезм биі тылсым сырлар мен аңыздарға толы, ежелгі халық даналығын білдіреді. Оның аты «көңіл мен махаббат» дегенді білдіреді. 2019 жылы хорезмдік «Лазги» биі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген.