Ташкентте халықаралық марафон өтті
2023 жыл 12 наурыз күні Ташкент қаласында «V International Tashkent Marathon» марафоны және республиканың 13 облысында «Жаңа тыныс» жүгіру жарысы өтті.
Жарыста 34 елдің спортшылары бақ сынап, 80 мың спортшы 3, 10, жартылай марафон (21 км) және марафон (42 км) бойынша сынға түсті.
[gallery-10943]
«V International Tashkent Marathon» жартылай марафонда (21 км) Ташкент рекорды жаңарды. Ерлер арасында Шахрух Давлатов мәре сызығын 1:03:37-де кесіп, жаңа рекорд орнатты.
Марафон бойынша ерлер арасында өзбекстандық Бахтияр Уткиров (Өзбекстан, – 2:20:13) бірінші орынды алды. Келесі орындарда Илья Пянкин (Қырғызстан – 2:25:61), Ислам Аманғос (Қазақстан – 2:29:58) иеленді.