Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкентте халықаралық кинофестивалдің ашылу салтанаты өтті
01:42 / 2021-09-29

28 қыркүйек күні Ташкент қаласында «Жібек жолы жауһары» атты XIII Ташкент халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Халықаралық кинофестивалдің ашылу салтанатына әлем елдерінің кино жұлдызына айналған танымал актер, режиссер, продюссерлер қатысты (Әзербайжан, Беларусь, Египет, Израиль, АҚШ, Үндістан, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Ресей, Тәжікстан мен Түркия). Олар қатарында Стивен Сигал, Озджан Дениз, Митхун Чакраборти, Франко Неро, Никита Михалков, Тимур Бекмамбетов, Самал Еслямова т.б әйгілі кино жұлдыздары қызыл кілеммен жүріп өтті.

XIII Ташкент халықаралық кинофестиваліне жаһанның 37 елден 400-ге жуық кино майталмандары мен 55 әйгілі кино жұлдыздары қатысатысуда. Халықаралық шараны ұйымдастырудан мақсат - кино өнері арқылы әлем елдері арасындағы мәдениетаралық диалогты одан әрі нығайту және дамыту, әлемдік киноиндустрия өкілдерімен бірлесіп бірлескен үлкен киножобалар жасау.

Еске сала кетейік, «Жібек жолы жауһары» Ташкент халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанаты 3 қазанда өтеді.