Ташкентте халықаралық инвестициялық форум өтеді
2022 жылдың 24-26 наурызы күндері Ташкент қаласында алғаш рет Ташкент халықаралық инвестициялық форумы өтеді.
Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі бастамасымен өтетін бұл шара стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылайтын және халықаралық бизнес қауымдастығына Өзбекстанның инвестициялық әлеуетін көрсететін жаңа алаң болмақ.
Іс-шара аясында республиканың қарқынды дамып жатқан нарығына интеграциялану үдерісіне қызығушылық танытатын ірі шетелдік инвестиция, қаржы-экономикалық ұйымдар, кәсіпорындар басшылары мен өкілдері шақырылады.
Ташкентте халықаралық инвестициялық форумына қатысу үшін www.iift.uz сайтында тіркеуден өтуге болады.